"Бетперде коронавирустан қорғамайды": АҚШ-тың бас хирургі вирустан қорғанудың жолын айтты

0
1 403

Бетперде тек медициналық қызметкерлердің өзін және өзгелерді жұқтырмауы үшін керек.


ERNUR.KZ. АҚШ-тың бас хирургі Джером Адамс бетперденің коронавирустан қорғамайтынын айтты, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы дәрігер Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Бетперде сатып алуды қою керек! Олар коронавирус жұқтырған адамдардан қорғай алмайды", - деп жазды Джером Адамс.

Оның айтуынша, бетперде медициналық қызметкерлердің өзін және өзгелерді жұқтырмауы үшін керек.

"Вирустан қорғанудың басты жолы - күнделікті гигиена сақтау", - деді ол.