Билік президенттің көзінше мұқтаждарға коттедж сыйлап, ертесі тартып алған

0
995

Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар көп балалы анаға пәтер кілті табыс етілген.


Билік президенттің көзінше мұқтаждарға коттедж сыйлап, ертесі тартып алған

ERNUR.KZ. Әндіжанда президент сапары алдында коттедж кілтін алып, кейін қайтадан айырылып қалған әйелдерге билік басқа пәтерлердің кілтін берген, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы 28 тамызда жергілікті “Калампир” басылымы Әндіжан облысы әкімінің орынбасары, әйелдер комитетінің төрайымы Мохинур Касымоваға сілтеме жасап жазды.

Өзбекстанда Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар көп балалы анаға пәтер кілті табыс етілген.

Биыл мамыр айында ел президенті Шавкат Мирзияев Әндіжанға барған. Өзбек телеарнасында осы аймақтағы тұрмысы төмен алты отбасына жаңа коттедж кілті берілгені хабарланды. Президент кеткеннен кейін, оларға берілген үйлерді жергілікті билік қайтадан тартып алған.

Бұл оқиға қоғам наразылығын туғызғаннан кейін Әндіжан облысының әкімі Шухрат Абдурахманов қателік кеткенін мойындаған. Елдің бас прокуратурасы болса, "жалған шоу ұйымдастырғандарды" жазалауын талап еткен.