Билл Гейтс адамдарды чиптеу туралы айыптауларға жауап берді

0
736

Билл Гейтс: "Мен ешқашан микрочиптермен айналыспадым"


Билл Гейтс адамдарды чиптеу туралы айыптауларға жауап берді

ERNUR.KZ. Америкалық кәсіпкер, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс адамдарды жаһандық чиптеуге қатысты өзіне тағылған айыптаулар оларды жоққа шығару үшін тым ақымақтық екенін мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Коронавирустық індет басталған сәттен бастап, әлеуметтік желілерде және интернет-БАҚ-та Билл және Мелинда Гейтс қорының пандемияға қатысы бар деген қауесет тарады, олар адамдарды чиптеу және оларды жаһандық бақылау үшін вакцинаны пайдалануға ұмтылған-мыс.

"Мен ешқашан микрочиптермен айналыспадым. Бұл өте ақымақтық және жабайылық", - деді Гейтс Business Insider журналистермен кездесуде.

Билл және Мелинда Гейтс қоры - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының екінші ірі доноры, ол 2018-2019 жылдары ұйым бюджетінің 9,76% -ын қамтамасыз етті. Қор дәрі-дәрмектер мен вакциналар саласындағы зерттеулерді қаржыландырады.