Бір тәулікте тағы 11 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

0
712

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың жалпы саны - 5375.


Бір тәулікте тағы 11 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. 24 сағатта коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 10 982-ге жетіп, тағы 343 адам қайтыс болды. Жаңа мәліметтерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген, деп жазады Тengrinews.kz.

Әлем бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны - 153 517 болса, коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың жалпы саны - 5375.
Қытайдан тыс жерлерде 72 469 адам вирус жұқтырып, 2531 адам қайтыс болған.
Дүниежізілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған COVID-19-ды пандемия деп жариялаған.
Айта кетейік, пандемия - бұл әлемдік ауқымдағы жаңа аурудың таралуы. Әдетте пандемия бүкіл халықтың едәуір бөлігін зақымдайтын жаппай сипат алған ауруды білдіреді. Коронавирус 140-тан аса елде тіркелген.