Бірлесіп күресуге шақырды

0
754

Шанхай Ынтымақтастық ұйымы саммитінде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков кономикалық қылмыстармен күресетін органын құруды ұсынды.


Бірлесіп күресуге шақырды

ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Шанхай Ынтымақтастық ұйымы саммитінде он екі елдің алдында сөз сөйледі. Ол экономикалық қылмыстарға қарсы бірлесіп күресуге шақырды, деп жазады egemen.kz.

Қырғызстан басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қауіпсіздігіне қауіп төндіретін экономикалық қылмыстар туралы айтты.

«Экономикалық қылмыстар трансұлттық сипат ұстанады. Олар есірткінің заңсыз айналымымен, контрабандамен тығыз байланысты. Сайып келгенде, олар мемлекеттердің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді», - деді ол.

Сондай-ақ Президент экономикалық қылмыстармен күресетін ШЫҰ органын құруды ұсынды.

Бүгінгі күні ШЫҰ-на сегіз мемлекет мүше: Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан.

Сонымен қатар төрт ел - Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия бүгінгі саммитте бақылаушы қызметін атқаруда.