Бішкек әлемдегі ең лас қала болып танылды

0
1 445

Финляндия әлемдегі ауасы ең таза ел болып саналады.


Бішкек әлемдегі ең лас қала болып танылды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Халықаралық ұйымдар Бішкекті әлемнің ең лас қаласы деп таныды, деп жазады 24.kz.

Швейцариялық компания дүниежүзіндегі 10 мың елді мекеннен тиісті дерек жинап, осындай баяндама жариялады. Бішкек ауа сапасы индекс рейтингісінде Тегеран мен Мумбаи секілді ірі шаһарларды артта қалдырған. Қала ауасының ластануы қалыпты мөлшерден 2,5 есе асып кеткені анықталған.

Қырғызстан экологтары өткен жылы осы мәселеге билік пен қоғамның назарын аударуға тырысқан болатын. Биыл жағдай одан әрі ушығып кетті. Бұған жылу элетростанциясы, автокөліктер мен көмір жағатын үйлердің ауаға шығаратын түтіні себеп болып отыр.

"Бішкек айналасының түгелінде жаңа үйлер салынған. Олардың барлығы қандай көмір жағады? Әрине, қарағандылық көмір емес, өйткені ол екі есе қымбат. Барлығы Кара-Кече көмірін жағады. Оның сапасы төмен және күлі көп қалады" - дейді экологиялық қозғалыс белсендісі Мақсат Мамытканов.

Атмосфераның ластануынан Үндістанның солтүстігіндегі Тәж-Махал кесенесі зардап шеккенін, туристер тарихи ғимараттың түтін мен шаңнан көрінбей кеткенін айтады. Сонымен қатар бұл елде ауаның ластануы салдарынан мектептер жабылғаны да хабарланған. Делиде ауаның ластануы адам өміріне қауіпті деңгейге жеткені туралы да жазғанбыз.

БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутериш әлем елдерін көмірден бас тартуға шақырды. Ал Оңтүстік Корея климаттың өзгеруіне қарсы күресін күшейтпек. Лондон басшылығы ауаның ластануымен күреске бағытталған жобаларды қолға алған болатын. Ал Greenpeace экологиялық ұйымы сарапшыларының зерттеулеріне сәйкес Финляндия әлемдегі ауасы ең таза ел болып саналады. Алматының ауасынан да көп мөлшердегі зиянды заттар анықталды. Сидней де ауасы қатты ластанған әлемнің 10 қаласының қатарына кірді.