Бішкектен ұшып шыққан Boeing 707 Тегеран маңында апатқа ұшырады

0
857

Ұшақ Бішкектен ұшып шығып, Иран астанасы Тегеран маңындағы Карадж қаласындағы "Пайам" әуежайына қонуы керек болған


Бішкектен ұшып шыққан Boeing 707 Тегеран маңында апатқа ұшырады

ERNUR.KZ. Бішкектен ұшып шыққан Boeing 707 жүк тасымалдайтын ұшақ Тегеран маңына құлады. Ұшақ бортында 10 адам болған, деп жазады tengrinews.

Ирандық Fars агенттігі дереккөзге сілтеме жасап, ұшақ Бішкектен ұшып шығып, Иран астанасы Тегеран маңындағы Карадж қаласындағы "Пайам" әуежайына қонуы керек болғанын жазады. Алайда ұшақ сол қаладағы басқа "Фатх" әуежайына қона бастаған.