Blue Origin ғарышқа ұшу үшін билеттерді сатылымға шығарады

0
731

Туристер ғарыштағы саяхатынан кейін Жерге арнайы капсулада парашютпен жеткізіледі.


Blue Origin ғарышқа ұшу үшін билеттерді сатылымға шығарады

ERNUR.KZ. Миллиардер Джефф Безостың Blue Origin компаниясы ғарышқа ұшу үшін билеттерді сатылымға шығармақ, деп жазады 24.kz.

Оның бірі онлайн аукционда ойналады. Оған қатысу үшін компания сайтына өтінім жіберу қажет. Аукционның бірінші кезеңі мамырдың 5-і мен 19-ы аралығында өтеді.

Онда қатысушыладың мөлшерлеме сомасы әртүрлі болуы мүмкін және ол құпия түрде сақталады. Екінші кезең мамардың 19-ы басталса, шешуші кезең маусымның 12-іне жоспарланды.

Айта кетейік, ғарышқа ұшатын New Shepard кемесі 6 жолаушыға арналған. Туристер ғарыштағы саяхатынан кейін Жерге арнайы капсулада парашютпен жеткізіледі.