Boeing компаниясы $2,5 млрд айыппұл төлейді

0
2 173

Қомақты қаржының 500 миллионы Ұшақ апаттары құрбандары қорына аударылады.


Boeing компаниясы $2,5 млрд айыппұл төлейді

ERNUR.KZ. Америкалық Boeing компаниясы 737 МАХ ұшағы ісі бойынша 2 жарым миллиард айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қомақты қаржының 500 миллионы Ұшақ апаттары құрбандары қорына аударылады. Ал 1 миллиард 770 миллионы ұшақтарын пайдалана алмай, шығынға батқан компанияларға төленеді. Және АҚШ Әділет министрлігіне 244 миллион доллар бөлінеді. Себебі бірлестік қызметкерлері АҚШ Федералдық әуе басқармасына ұшақтың қауіпсіздік жүйесі туралы толық мәлімет бермеген. Салдарынан 2018 жылы Индонезияда және 2019 жылы Эфиопияода ірі ұшақ апаттары болып, 300-ден астам адам қаза тапты. Осыдан кейін әлем елдері бұл ұшақты пайдалануды тоқтатып, тергеу жұмыстары басталған болатын.