Бойжеткен жәрдемақы алу үшін қолын әдейі кесіп тастаған

0
2 417

Бойжеткен бес компаниямен жазатайым оқиғадан сақтандыру жөнінде келісім жасағаны анықталды


Бойжеткен жәрдемақы алу үшін қолын әдейі кесіп тастаған

ERNUR.KZ. Словения тұрғыны сақтандыру компаниясынан 383 мың еуро көлемінде өтемақы мен мүгедектік бойынша өмір бойы жәрдемақы алу үшін қолының білезігінен жоғары бөлігін кесіп тастаған, деп хабарлады жергілікті полиция, деп жазады sputniknews.kz.

Любляна қаласында тұратын 21 жастағы "зардап шегуші" мен 29, 58 және 63 жастағы үш ер адамға қатысты алаяқтық бабы бойынша іс қозғалды. Олар бір жылдан сегіз жылға дейін сотталуы мүмкін. Екі жас жігіт қамауға алынды, қалғаны бостандықта.

Тергеу кезінде анықталғандай, күдіктілер бес компаниямен жазатайым оқиғадан сақтандыру жөнінде келісім жасай отырып, қылмысты өткен жылдың соңында жоспарлаған.

Осы жылдың басында бойжеткен қолын арамен әдейі кесіп тастап, мұны жазатайым оқиға деп өтірік айтқан. Оның 63 жастағы сыбайласы алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Ер адам кесілген қолды оқиға орнында әдейі қалдырып кетеді. Сөйтіп қолды ауруханаға полицейлер алып барған, дәрігерлер оны қайта тігіп берді, осылайша қызды толықтай еңбекке жарамсыздықтан сақтап қалды.

Алаяқтардың ойы іске асқан жағдайда қыз 383 мың еуро және мүгедектік бойынша жәрдемақы ретінде өмір бойы айына 3 мың еуродан астам өтемақы алып отырушы еді. Ал сақтандыру компаниялары үш миллион евродан астам шығынға ұшырайтын еді.