«Боржоми» санкцияға ұшырады

0
715

​«Боржоми» соңғы жүз жылда алғаш рет минералды суды шығаруды уақытша тоқтатты. Басты себебі Ресейге қарсы салынған санкциялардан кейін туындаған қаржылық қиындықтар.


«Боржоми» санкцияға ұшырады

ERNUR.KZ. Боржоми суынын әлемнің 40 еліне жеткізіп жүрген. Ал қазір оны тіпті Грузия дүкендерінде де табу қиын. Компания акцияларының бақылаушы пакеті Альфа-Банктің құрылтайшысы, ресейлік кәсіпкер Михаил Фридманның меншігінде болғандықтан «Боржоми» да санкцияларға ілікті, деп жазады 24.kz.

"Санкцияға түскен тұлғалардың активтерін бұғаттап тастады. Құрылтайшыларының бірқатары санкцияға түскендіктен «Боржомиде» қиындық туындады. Қазір грузиялық компания жұмысын жалғастыру мақсатында бұл мәселе бойынша жұмыс өтіп жатыр. Бұл өте маңызды сауал", - дейді Грузия қаржы министрі Лаша Хуцишвили.

Компанияның екі зауытында жұмыс істеген бір мыңдай адам наразылық шеруге шықты. Оларға үш ай бойы жалақысының жартысын төлеуді ұсыныпты. Шерушілер бұған келісті, бірақ бір талабы бар.

"Өндіріс қайта басталса, бұрын қол қойған шарттармен жұмысқа қайтаратынан кепіл беруді талап етіп отырмыз", - дейді шеруші Заза Гелашвили.

Минералды сулар Грузияның негізгі экспортты тауарларының бестігіне кіреді. Ал оны ең көп сатып алатын 5 елдің қатарында Қазақстан да бар. «Боржоми» төңірегіндегі дау бір апта бойы жалғасып келеді. Үкімет өкілдері жақында жақсы жаңалық жеткізетінін жариялады. Жергілікті қауым компания мемлекет меншігіне өтеді деп болжап отыр.