Боянып алған түйелер сұлулық байқауынан шеттетілді

0
1 686

Жыл сайын өтетін сұлулық байқауында 12 түйе сайыстан шеттетілді


Боянып алған түйелер сұлулық байқауынан шеттетілді

ERNUR.KZ. Сауд Арабиясында жыл сайын өтетін сұлулық байқауында 12 түйе сайыстан шеттетілді. Себебі олардың иелері байқауға қатысушыларды анағұрлым әдемі ету үшін ботокс қолданғаны белгілі болып қалды, деп жазады Stan.kz.

Түйелер фестивалі аясында өткен сұлулық байқауында 12 жануар қатаң тәртіпті бұзғаны үшін қуылды. Фестиваль Эр-Риядтың сыртында өтіп жатыр. 28 күнге созылатын фестиваль барысында сұлулық байқауы, түйелерді үйрету қабілетін көрсету, түйе жүнімен жұмыс жасау өнерін таныстыру тәрізді сайыстар өтеді.


Байқаудың сыйлық қоры 57 миллион долларды құрайды. Сондықтан ұйымдастырушылар барлық бұзушылықтарға қатаң шара қолданады.

Былтырғы жылы сұлулық байқауына қатысты арнайы нұсқаулық шығарылды. Онда ернінен препарат табылған, жүні қырқылған, денесінің қандай да бір бөлігі боялған немесе табиғилығы өзгертілген түйелер байқауға қатыстырылмайтыны жазылған.


Алайда биыл өткен байқауға қатысушылар арасында ерні үлкейтілген 12 түйе анықталды. Тіпті, иелерінің кейбірі түйені опа-далаппен бояндырған.