Бразилияда бір тәулік ішінде 800-ден аса адам коронавирустан көз жұмды

0
729

Мемлекеттегі өлім-жетім көрсеткіші 6,3 пайызды құрап отыр.


Бразилияда бір тәулік ішінде 800-ден аса адам коронавирустан көз жұмды

ERNUR.KZ. Бразилияда соңғы тәулік ішінде 800-ден астам адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Жалпы, елде аталған індеттен көз жұмғандар саны 23 473-ке жетті. Бұл туралы мемлекеттің денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп жазады kaz.nur.kz.


Елде вирустан қайтыс болған 23 473 адам тіркелді, соңғы 24 сағат ішінде 807 науқас көз жұмды", – делінген министрліктің хабарламасында.


Мемлекеттегі өлім-жетім көрсеткіші 6,3 пайызды құрап отыр. Жалпы, қазіргі уақытта Бразилияда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 374 898 дерегі тіркелді. Оның 41 пайызы, яғни 153 833 науқас аурудан емделіп шықты.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы екі аптада Бразилияда болған шетелдіктердің елге кіруіне шектеу қойған болатын. Бұған Латын Америка елінде коронавирус жұқтырғандар санының қарқынды өсуі себеп болды.

Трамп бұл жағдайдың ел қауіпсіздігіне зиянын тигізуі мүмкін екенін ескеріп, соңғы 14 күнде Бразилияға барған барлық шетелдіктердің АҚШ-қа кіруін шектеді.

Дегенмен, бұл Америка Құрама Штаттары мен Бразилия арасындағы сауда-саттыққа еш әсер етпейді деп мәлімдеді президенттің баспасөз қызметі.