​Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырады

0
2 383

Апат салдарынан бес адам көз жұмды. Ұшақ жерден көтеріліп, ұшу-қону жолағының соңында қайта құлаған.


​Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырады

ERNUR.KZ. Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырады, деп жазады sputnik.kz.

Бразилиялық "Пальмас" клубы Токантис штатында жеңіл ұшақ апаты болғанын хабарлады. Бортта төрт ойыншы, клуб президенті және пилот болған. Олардың бәрі көз жұмды.

"Лукас пен пилот Вагнер және спортшылар Лукас Пракседеш, Гильерме Ноэ, Ранул және Маркуш Молинари болған ұшақ ұшу-қону жолағының соңында құлады. Оқиға Токантинс авиациясы қауымдастығында болды. Өкінішке қарай, аман қалғандар жоқ", - деп хабарлады G1 порталы клубқа сілтеме жасап.

Бразилиялық футбол жұлдызы Пеле қайғылы оқиғаға қатысты көңіл айтты.

"Бұл жексенбі бразилиялық футбол үшін өте қайғылы. Апатта қайтывс болғандар "Пальмас Регатас" клубы президенті мен ойыншыларының отбасына көңіл айтамын", - деп жазды Пеле Twitter парақшасында.