Бразилияда ірі жол-көлік апатынан 41 адам мерт болды

0
576

Қайғылы оқиға Сан-Паулу штатындағы Тагауи мен Такауритуба қалаларын арасындағы тас жолда болды.


Бразилияда ірі жол-көлік апатынан 41 адам мерт болды

ERNUR.KZ. Бразилияда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соғысып, 41 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы оннан астам кісі ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қайғылы оқиға Сан-Паулу штатындағы Тагауи мен Такауритуба қалаларын арасындағы тас жолда болды.

Әзірге апат себептері белгісіз. Оқиға кезінде автобус өңірдегі бір тоқыма фабрикасының 53 жұмысшысын апара жатқан. Қазір іске қатысты тергеу басталды.