Бразилияда коронавирус бойынша екі бірдей антирекорд орнады

0
526

Мұндай көрсеткіш әлемнің бірде бір елінде болған емес.


Бразилияда коронавирус бойынша екі бірдей антирекорд орнады

ERNUR.KZ. Елде соңғы тәулікте вирусты жұқтырудың 26 жарым мыңға жуық жаңа дерегі анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай көрсеткіш әлемнің бірде бір елінде болған емес.

Бразилияда соңғы 24 сағатта 1100-ден аса адам көз жұмған. Бұл да ел бойынша тәуліктіктегі ең көп көрсеткіш болды.

Латын Америкасындағы бұл мемлекетте коронавирусты жұқтырғандар саны 439 мыңға таяп қалды. Солардың 26 мыңнан астамы көз жұмды. Кейбір сарапшылар нақты сандар әлдеқайда жоғары болуы мүмкін дейді. Өйткені елде тест аз жүргізіліп жатыр.