Бразилияда коронавирус вакцинасының сынағына қатысқан адам қайтыс болды

0
396

Бутантан институтының басшысы Димас Ковас «Коронавак» вакцинасы 95% жағдайда тиімділігін көрсеткенін айтады.


Бразилияда коронавирус вакцинасының сынағына қатысқан адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Бразилияның Ұлттық санитарлық қадағалау агенттігі (Anvisa) бір науқастың қайтыс болуына байланысты қытайлық Sinovac Biotech компаниясының «Коронавак» вакцинасының сынағын тоқтатты, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл туралы Бутантан институтының басшысы Димас Ковас хабарлады.


«Біз вакцинаның елеулі жанама әсері туралы емес, өлім жағдайы туралы хабарладық. Сынақты тоқтату туралы шешім бізді тіпті таңқалдырды, өйткені бұл өлім жағдайы вакцинамен байланысты емес», - деді Ковас.


Оның айтуынша, «Коронавак» вакцинасы 95% жағдайда тиімділігін көрсеткен, дегенмен пациенттердің 35%-інде жеңіл жанама әсерлер болған.