Бразилияда маймыл шешегінен алғашқы өлім дерегі тіркелді

0
924

41 жастағы ер адам қатерлі ісіктен емделіп жүрген.


Бразилияда маймыл шешегінен алғашқы өлім дерегі тіркелді

ERNUR.KZ. Бразилияда маймыл шешегі тарап жатыр. Оның алғашқы құрбаны тіркелді, деп жазады baq.kz.

News CN агенттігінің хабарлауынша, қайғылы жағдай елдің оңтүстік-шығыс штаты – Минас-Жерайстағы Белу-Оризонтида тіркелген. 41 жастағы ер адам қатерлі ісіктен емделіп жүрген. Қауіпті вирусты жұқтырған соң оның денсаулығы күрт нашарлаған.

Науқас бірден мемлекеттік ауруханаға жатқызылады. Алайда дер кезінде көрсетілген көмекке қарамастан маймыл шешегінің салдарынан сепсистік шок алады.

27 шілдедегі жағдай бойынша, Бразилияда маймыл шешегін жұқтырған 978 дерек расталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің таралуын халықаралық мәнге ие төтенше жағдайға балап отыр.

Еуропа мен Үндістанда да індеттен адам өлімі тіркелген болатын.