Британияда науқастарды сөзбен емдеуге көшпек

0
508

Ұлыбританияда дәрігерге жазылу оңай шаруа емес.


Британияда науқастарды сөзбен емдеуге көшпек

ERNUR.KZ. Ұлыбританияда кейбір науқастарды енді фармацевтер де емдейтін болды, деп жазады 24.kz.

Жаңашылдық күн суытқан мезгілде күшіне енеді. Ел үкіметі бұған 640 миллион фунт стерлинг жұмсамақ. Бұл 360 миллиард теңге қаражат. Ұлыбританияда дәрігерге жазылу оңай шаруа емес.

Кезек күту көпке созылады. Сондықтан үкімет мамандарға түскен ауыртпалықты жеңілдетіп, жұмысының бір бөлігін фармацевттерге тапсырмақ. Олар белгілі бір ауруларға ем жазуға құқылы. Осылайша науқастар дәрігерге кезегін күтпей тезірек көмек алады. Жаңа ережелер күн суыта күшіне енеді.

"Дәріханалар кең тараған 7 дертке қарсы дәрі жаздыра алады. Оған тамақ ауруы, теміреткі, тыныс алу жолдарының жеңіл инфекциялары секілді кеселдер бар. Дәріханаларда қан қысымын тексертуді едәуір көбейткіміз келеді, жылына екі жарым миллионға дейін арттыру жоспарда бар. Осылай жүрек ұстамасы мен инсульт қауіпін азайтамыз." - Англия ұлттық денсаулық қызметінің атқарушы директоры, Аманда Притчард.

Бұл мәселенің тағы бір қыры бар. Ол дәріханаларға қолдау көрсету. Көптеген дәрмек орталықтары инфляция кесірінен жабылып қалған. Фармацевттер қауымдастығының мәліметінше, қаражат бөлінбесе, тағы үш мыңы жұмысын тоқтатуы мүмкін. Бұл мақсатқа 640 миллион фунт бөлу көзделген.

" Науқасты емдеп-күту үзіліссіз өтуі керек. Терапевтер ретінде, қарамағымыздағы адамдар мен олардың ауруларын жақсы білеміз. Сондай-ақ үкімет жоспары бойынша, ауруханалардағы қабылдау бөлімдерінің мамандары да арнайы курстан өтіп, науқастарды бірден іріктеп, тиісті мамандарға жіберіп отырады. Осы шаралардың барлығы денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын оңтайландыруы тиіс." - дәрігер, Анил Мехта.