Буэнос-Айрестегі метро станциясында рельске құлап кеткен әйел құтқарылды (видео)

0
670

Ер адам есінен танып, жанынан өтіп бара жатқан әйелді итеріп жіберген.


Буэнос-Айрестегі метро станциясында рельске құлап кеткен әйел құтқарылды (видео)

ERNUR.KZ. Аргентина астанасы Буэнос-Айрестегі метро станциясында оқыс оқиға болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда ер адам есінен танып, жанынан өтіп бара жатқан әйелді итеріп жіберген. Ол барып, бірден рельстің үстіне құлаған. Дәл осы сәтте пойыз да таяп қалса керек. Абырой болғанда, куәгерлер белгі беріп, жүргізуші ес-түссіз жатқан әйелден 2 метр қашықтықта тоқтап үлгерген. Жолаушылар дәрігерлер келгенше оны платформаға көтеріп, көмек көрсеткен.