Бульдозер «Ламборгини», «Порше» және «Мерседес-бенцті» таптап тастады

0
1 136

Филиппин президенті қымбат көліктерді жою шарасына қатысты.


Бульдозер «Ламборгини», «Порше» және «Мерседес-бенцті» таптап тастады

ERNUR.KZ. Филиппин президенті қымбат көліктерді жою шарасына қатысты. Родриго Дутерте елдегі жемқорлықпен күресуде ештеңеден тайынбайтынын тағы бір мәрте көрсетті, деп жазады 24.kz.

Таяуда ол құны 6 жарым миллион доллар болатын көліктерді жою рәсіміне қатысты. Шара барысында бульдозер «Ламборгини», «Порше» және «Мерседес-бенц» секілді 60-тан астам люкс көліктер мен мотоциклдерді таптап тастады.

Дутертенің айтуынша, бұл көліктердің заңсыз импортына және мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа баруына тосқауыл қоюға көмектеседі. Айта кетейік, Филиппин билігі бұған дейін елге заңсыз әкелінген көліктерді бәссауда арқылы сату туралы тәртіп енгізген.

Дутертенің мәлімдеуінше, бұл шетелдік серіктестерді заңды кәсіппен айналысуға мәжбүрлейді.