«Чернобыль» үздік шағын сериал атанып, «Эмми» сыйлығын жеңіп алды

0
636

«Чернобыль» сериалының сценарийі «Үздік сценарий» марапатына ие болды.


«Чернобыль» үздік шағын сериал атанып, «Эмми» сыйлығын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Өткен жексенбіде Лос Анжелестегі Microsoft театрында 71-ші «Эмми» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. «Үздік шағын сериал» аталымында «Чернобыль» туындысы жеңіске жетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Сонымен бірге, Крэйг Мейзин жазған «Чернобыль» сериалының сценарийі «Үздік сценарий» марапатына ие болды.

К. Мейзин бұған дейін үздік режиссура үшін жүлде алған Йохан Ренкті құттықтауға асықты. К.Мейзин жүлдесін Чернобыль атом-электр стансасында апатқа ұшыраған жандарға арнады. Сондай-ақ, ол Джаред Харрис басқарған керемет актерлік құрамға және бұл оқиғаны әлемге паш еткен командаға алғысын айтты.

Айта кетейік, «Чернобыль» телехикаясының сценарийі «Даннемор түрмесінен қашу» (6 және 7-сериялар), Фосси/Вердон, «Ағылшынша жанжал» және «Олар бізді көргенде» (4-бөлім) сынды қарсыластарын артқа тастаған.