Чилиде 245 үй күлге айналды

0
761

700-ге жуық тұрғын баспанасыз қалған.


Чилиде 245 үй күлге айналды

ERNUR.KZ. Чилиде алапат орман өрті дес берер емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалын Вальпараисо қаласына жетіп, 200-ден астам үйді күлге айналдырды. Салдарынан 700-ге жуық тұрғын баспанасыз қалды. Әзірге жарақат алғандар мен мерт болғандар жайлы ақпарат жоқ. Бұған қоса, өрттің нақты неден шыққаны да белгісіз. Чили президентінің мәлімдемесіне сай, бәзбіреулер қасақана от қойған болуы мүмкін. Қазір апат орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.