COVID-19-дан болатын өлім жағдайлары қазан-қарашада көбейеді – ДДСҰ

0
522

Өлім санының көбейуі Еуропада эпидемияның жаңа толқынына байланысты болмақ.


COVID-19-дан болатын өлім жағдайлары қазан-қарашада көбейеді – ДДСҰ

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропада қазан мен қараша айларында коронавирустан болатын өлім жағдайларының көбейетінін болжады, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге айтты.

«Жағдай күрделене түседі. Қазан, қараша айларында біз өлім-жітімнің жоғарылауын көреміз», - деді Клюге.

Өлім санының көбейуі Еуропада эпидемияның жаңа толқынына байланысты болмақ.