COVID-19-ды бірінші болып жеңе алатын ел аталды

0
715

Елде коронавирус жұқтырғандар көп, бірақ өлім көрсеткіші төмен.


COVID-19-ды бірінші болып жеңе алатын ел аталды

ERNUR.KZ. Швеция коронавирус пандемиясын аяқтау үшін қажет 60-70 пайыздық иммунитетке жететін алғашқы ел болуы мүмкін. Бұл пікірді ресейлік иммунолог, аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман Владислав Жемчугов айтты, деп жазады Тengrinews.kz.

"Барлығы мысал ретінде келтіретін сол Швеция. Керемет картина: вирус бостандыққа шығарылды. Бұл принцип эпидемияның өзі тоқтаған кезде иммундық қабатты тезірек қалыптастыру үшін жақсы.
Олар уақыт тежемей, жылдамдықпен қимылдауға шешім қабылдады, бірақ олар ауыр науқастардың көбін құтқару үшін өз медицинасына, аппараттарының, реанимация палаталары, оттегі, дәрі-дәрмектердің жеткілікті екеніне сенімді", - деді Жемчугов.

Қазір сарапшының айтуынша, Швецияда шынымен коронавирус жұқтырғандар көп, бірақ өлім көрсеткіші төмен.


"Менің ойымша, Швеция 60-70 пайыздық иммундық қабат деңгейіне бірінші болып жетеді. Онда ауыратын адам қалмайды, себебі барлығы жұқтырып шығады", - деді Жемчугов.


Ол мұның пандемияны аяқтайтын көрсеткіш екенін атап өтті.

Соңғы мәліметтер бойынша, Швецияда 121 мың науқас анықталған, 5,9 мыңнан астамы қайтыс болған.