COVID-19: Франция суға суңгушілердің маскасын пайдалануға көшті

0
529

Елде қауіпті вирустан 5400 науқас көз жұмды.


COVID-19: Франция суға суңгушілердің маскасын пайдалануға көшті

ERNUR.KZ. Францияда коронавирусқа шалдыққан науқастарға жасанды демалу аппараттары жетіспей, суға суңгушілердің маскасын пайдалануға көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Идея Италиядан келген. Онда ауруханалар бұл құралды дерті асқынбаған науқастардың дем алуын жеңілдету үшін қолданып жатыр. Осыған байланысты «Декатлон» компаниясы Франция мен Испания ауруханаларына 30 мың, ал Италияға 10 мың осындай маска жіберді. Айта кетейік, қазір Францияда вирусты жұқтырғандардың саны 59 мыңнан асты. Дерттен 5 мың 400 науқас көз жұмды.