COVID-19: Францияда көз жұмғандар саны 450 адамға жетті

0
573

Мыңнан астам адам ауыр халде жатыр.


COVID-19: Францияда көз жұмғандар саны 450 адамға жетті

ERNUR.KZ. Францияның денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан тағы 78 адамның көз жұмғанын хабарлады. Осылайша бұл кеселден қаза тапқандардың қатары 450-ге жетті, деп хабарлайды Хабар24.

Ал инфекция жұқтырғандардың саны 12 мың 612 болды. Мыңнан астам адам ауыр халде жатыр.

- Эпидемия еліміздің көптеген өңірінде тіркелді. Кейбір аймақтарда вирустың таралуы қарқын алып барады. Жақсы жаңалық та бар. Бүгінгі таңда 1587 адам емделіп ауруханадан шықты. Аурудың алдын алу шаралары жалғасады. Жағдайдың ушықпауы қойылған талаптардың орындалуына байланысты, - дейді Францияның денсаулық сақтау басқармасының өкілі Жером Соломон.

Таяуда билік аймақтағы көптеген ғимараттар мен саябақтарды жауып тастады. Шектеулер тек демалыс күндеріне ғана арналған. Қоғамдық орындарда күнде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.