Дағыстанда «шіркеуге шабуылдаған» адамның аты аталды

0
1 247

Ресей билігі Дағыстанның Кизляр қаласында православ храмында бес адам қаза тапқан шабуылға Тарумовский ауданының 22 жастағы тұрғыны Халил Халилов күдікті екенін мәлімдеді. Бұл туралы azattyq.org хабарлады.


Дағыстанда «шіркеуге шабуылдаған» адамның аты аталды

фото: censor.net.ua

Ресей билігі Дағыстанның Кизляр қаласында православ храмында бес адам қаза тапқан шабуылға Тарумовский ауданының 22 жастағы тұрғыны Халил Халилов күдікті екенін мәлімдеді. Бұл туралы azattyq.org хабарлады.

Күдікті 18 ақпан күнгі шабуылда шіркеуде бес адамды атып өлтірген, кейін полициямен атыс кезінде өзі оққа ұшқан. Шабуылдан төрт адам жараланған, оның біреуі ауыр халде жатыр. Қаза тапқандардың барлығы әйелдер. Жараланғандардың үшеуі Ресей Ұлттық гвардиясының сарбаздары.

«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымы Amaq ақпарат агенттігі арқылы мәлімдеме жасап, Дғыстандағы шабуылды мойнына алды. Бірақ ИМ мәлімдемесіне дәлел келтірмеді. Полицияның хабарлауынша, аңшы мылтығынан оқ атты делінген күдікті шіркеу жанында өтіп жатқан «Масленица» мерекесіне қатысқан.

Орыс православие шіркеуінің патриархы Кирилл бұл оқиға өзін «есінен тандырғаны» туралы мәлімдеме жасады. «Патриарх бұл мереке кезіндегі қылмысты Кавказда ғасырлар бойы бір-бірімен тату өмір сүріп келе жатқан православтар мен мұсылмандар арасында жанжал шығаруды көздейтін арандату әрекеті деп біледі» делінген Кириллдің атынан таратылған мәлімдемеде.