Дәретхана суын әйелінің шайына қосып берген блогер қамауға алынды

0
673

Ерлі зайыптылардың баласы да дәретхана суы қосылған сусынның дәмін татқан.


Дәретхана суын әйелінің шайына қосып берген блогер қамауға алынды

ERNUR.KZ. Сауд Арабия тұрғыны, пранккер Хани Халавани (Hani Halawani) әйелімен бірге түсірген бірнеше роликті желіде жариялады. Блогер бір видеосында сүйіктісінің шайына дәретхана суын құйып берген. Ер адам Snapchat-қа роликті жариялаған соң, осы әрекеті үшін қамауға алынды, деп жазады NUR.KZ.

Ер адам қысқа видеода алдымен көрермендерге унитаздан ақ күрішкеге қалай су құйғанын көрсеткен. Содан кейін әйелі Алануд Яманиге шай ұсынды.

Әйел адам сүйіктісінен күдіктеніп, сусынға бірден бата қоймаған. Алайда бәрібір шайды ішіп, кішкені ұлына береді. Ерлі зайыптылардың баласы да дәретхана суы қосылған сусынның дәмін татып көрді.

Басылымның мәліметінше, видео қазіргі уақытта көрсетіп тұрған жоқ.

Әйел адам роликті алып тастауға кеңес берген. Себебі көптеген оқырмандар, балалар мен жасөспірімдер көргенін жақын адамдарына қайталауға тырысуы мүмкін.

Ресми емес ақпараттар бойынша, Халавани осыған дейін де желіде жариялаған видеосы үшін қамауға алынған.

Айта кетейік, осы ролик жарыққа шыққаннан кейін әлеуметтік желіде оқырмандар блогердің әрекетіне наразылықтарын білдіріп, оны жазалауды талап еткен.

Егер Халавани кінәлі деп танылса, оған ірі көлемде айыппұл салынады немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.