Дәрігер 500-ден астам адамға қауіпті дертті жұқтырды

0
2 297

Аймақтағы балалар дәрігері емдеу барысында барлық науқасқа бір шприц қолданған


Дәрігер 500-ден астам адамға қауіпті дертті жұқтырды

ERNUR.KZ. Пәкістанның оңтүстік аймағындағы 500-ден астам тұрғын адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған, деп жазады 24.kz.

Олардың көбі балалар екені анықталды. Белгілі болғандай аймақтағы балалар дәрігері емдеу барысында барлық науқасқа бір шприц қолданған екен.

Қазір оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды. Күдікті қамауға алынды. Оның бұл қадамға не себептен барғаны әзірге белгісіз. Дәрігер болса тағылған айыпты мойнына алмайды.

Медициналық тексеру барысында дәрігерде де бұл қауіпті вирус бар екені анықталды. Сарапшылардың айтуынша, Пәкістанда 600 мыңнан астам біліксіз дәрігер жұмыс істейді. Үнемдеу мақсатында олар науқастарға қолданатын шприцты ауыстырмайтын көрінеді.

Айта кетейік, 2017 жылы аймақта бұл вирусты 20 мыңнан астам адам жұқтырған болатын.