Дәрігер өлім-жітім көп болатын жаңа эпидемияға дайындалу керектігін айтты

0
723

​Александр Мясников өлім деңгейі жоғары болатын вирус пайда болса, қажетті вакцина пайда болғанша ондаған миллион адам қайтыс болады деп отыр.


Дәрігер өлім-жітім көп болатын жаңа эпидемияға дайындалу керектігін айтты

ERNUR.KZ. Ресейлік дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников өлім-жітім көп болатын індетке алдын ала дайындалу қажет екенін айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Өлім-жітім деңгейі жоғары ауыр індеттердің алдын алу үшін (COVID-19 ондай инфекция түріне жатпайды) тиімді қорғаныс шараларын әзірлеу қажет. Мысалы, тұмауға қарсы "әмбебап" вакцина қажет, "құс" немесе "шошқа" тұмауы күндердің бір күні тарап кетуі мүмкін. Вирусологтардың айтуынша, ауыр індет мутацияға ұшырап жатыр. Алғашқысы – жануардан адамға, екіншісі адамдан адамға жұғады", - деп жазды ол Telegram каналында.

Мясниковтың айтуынша, Қытайда бұл екі мутацияның алғашқысы үнемі тіркеліп отырады. Коронавирус адамдардың індетке дайын емес екенін көрсетті, деді ол.

"Біз қазір вакцинаны жасау үшін қанша уақыт қажет екенін көріп отырмыз. Оған бүкіл әлем ғалымдары күш-жігер салып отыр. Егер вирус 35-40% өлім алып келетін болса, мұндай вакцина пайда болғанша ондаған миллион адам қайтыс болады", - дейді дәрігер.

Ол қазір барлық ғалымдардың күшін дәл осы әмбебап вакцина жасауға жұмылдыру қажет екенін атап өтті. Мясников зерттеушілерді кез келген қажетті құралмен қамтамасыз ету керек деп санайды.