Дәрігер видеоқоңырау арқылы қызды ажалдан құтқарды

0
1 016

Секунд сайын оның жағдайы нашарлай берген.


Дәрігер видеоқоңырау арқылы қызды ажалдан құтқарды

ERNUR.KZ. Ыстықтан тынысы тарылған қыз есінен танып құлаған, деп жазады ktk.kz.

Секунд сайын оның жағдайы нашарлай берген. Бурятиялық дәрігер оны видеоқоңырау арқылы аман алып қалған. 16 жастағы қыздың жүрегінде туғаннан ақау болған. Ол анасымен бірге саябаққа келгенде есінен танып құлаған. Сол сәтте куәгерлер дәрігерге қоңырау соққан.

Куәгер адам дәрігердің танысы болып шыққан. Ол дереу жедел жәрдем келгенше дәрігерге хабарласқан. Дәрігер 20-30 минуттың ішінде танысына қызға не істеу керектігін айтып тұрған.