​Дәрігерлер әйелге гинекологиялық ота жасағанын видеоға түсіріп, мазақ еткен (видео)

0
5 575

Дәргерлердің түсірген видеосы интернетте тарап кеткен.


​Дәрігерлер әйелге гинекологиялық ота жасағанын видеоға түсіріп, мазақ еткен (видео)

ERNUR.KZ. Дәрігерлер сексуалды зорлыққа ұшыраған әйелге оперция жасау барысын пациенттің рұқсатынсыз видеоға түсірген, деп жазады ca-news.org.

Оқиға Өзбекстанның Термез қалалық ауруханасында болған. Дәргерлердің түсірген видеосы интернетте тарап кеткен.

Бейнежазбада әйел гинекологиялық креслода жатыр. Онда дәрігер мен медбикенің де қолы анық көрінеді. Бірақ бет-жүздері түспеген. Гинекологиялық операция жасау кезінде олар өзара өзбек және орыс тілінде сөйлеседі. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері өздерін видеокамераға түсіріп тұрғанын да білген және күлген дауыстары да шығады.

Операция кезіндегі әңгімеге қарағанда, креслода жатқан әйелге күйеуі зорлық көрсетіп, жыныс мүшесіне мәжбүрлеп сәбіз салған.

Сурхандария облыстық ауруханасының бір дәрігерінің сөзінше, бұл видео қаңтар айында түсірілген. «Бұл видео туралы білемін. Ондай жағдай болған. Бірақ дәрігерлер оны видеоға түсіріп байғұс әйелді мазақ еткен. Адамгершілік тұрғыдан дұрыс емес. Ондай жағдайға кез келген әйел тап болуы мүмкін», - дейді дәрігерлердің бірі.

Ал «операцияны жасады» деген Людмила Климова есімді дәрігер оны жоққа шығармаған.

«Мен түсірген жоқпын. Кім түсіргені де есімде жоқ», - дейді ол.