ДДСҰ Қытайдағы коронавирусқа жаңа атау берді

0
885

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы СО - коронавирус, VI - вирус және D - ауруды білдіретінін айтты.


ДДСҰ Қытайдағы коронавирусқа жаңа атау берді

ERNUR.KZ. Қытайдағы коронавирусқа COVID-2019 ресми атауы берілді. Бұл туралы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус брифингте мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Коронавирустың жаңа түріне COVID-2019 атауы берілді. ДДСҰ, ФАО және Дүниежүзілік жануарларды қорғау ұйымының ережесіне сәйкес географиялық атауымен, жануармен, адаммен немесе адамдар тобымен байланысты болмайтын, айтуға оңай және аурумен байланысты атау таңдау керек болды", - дейді ДДСҰ бас директоры.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы СО - коронавирус, VI - вирус және D - ауруды білдіретінін айтты.

Еске салайық, 11 ақпанда таңғы уақыттағы жағдай бойынша, Қытайда коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандар саны 1018 адам болды, 43 мың адам осы ауруды жұқтырған және 3344 науқас емделіп шыққан. Негізінен ең көп жұқтырғандар мен қаза болғандар коронавирустың таралу ошағы орналасқан Қытайдың Хубей провинциясында тіркелген.