ДДСҰ «Спутник V» вакцинасын күзде тіркеуі мүмкін

0
507

​Қазіргі уақытта ресейлік вакцинаны 67 ел қолдануда.


ДДСҰ «Спутник V» вакцинасын күзде тіркеуі мүмкін

ERNUR.KZ. Коронавирус дертіне қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күзде мақұлдауы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

ЕО реттеушісі де шамамен осы кезде екпені мақұлдамақ.

«ДДСҰ біздің препаратты күзде тіркейді деп ойлаймыз», – деді Дмитриев.

Оның айтуынша, бұл рәсім қыркүйек немесе қазан айларында жүргізілуі ықтимал. Бірақ нақты мерзімін ұйымның өзі хабарлайды.

«Қазір біздің вакцинаны тіркеген бірқатар елге препараттарды жеткізумен айналысып жатырмыз», – деді басшысы.

Осы күнге дейін ресейлік вакцина 67 елде тіркелген. Оның өндірісі Венгрия, Бразилия, Қазақстан, Беларусь, Словакия, Аргентина, Үндістан, Оңтүстік Корея, Қытай, Германия, Италия және Египетте жүргізілуде.