Делиде кеңсе ғимараты өртеніп жиырмадан астам адам қаза тапты

0
707

Өрт кезінде ғимаратта 70-тен астам адам болған.


Делиде кеңсе ғимараты өртеніп жиырмадан астам адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Үндістан астанасында төрт қабатты кеңсе ғимараты өртке оранды. Салдарынан кем дегенде 27 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды, деп жазады Экспресс К.

Өрт кезінде ғимаратта 70-тен астам адам болған. Полиция терезелерді сындырып, адамдарды құтқару үшін арқанды пайдаланды.

Оқиға Үндістан астанасының батысында орналасқан Мундка метро станциясы маңында болды. Қызыл жалынды ауыздықтауға 20-дан астам өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды.

Өрттің тұтануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды деген болжам бар. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, болған оқиғаға қатысты екі адам қамауға алынды.