Денис Теннің жаттықтырушысы карьерасын тоқтатқанын мәлімдеді

0
1 033

Денис Тен Фрэнк Кэроллда 2010 жылдан бастап жаттығып келді.


Денис Теннің жаттықтырушысы карьерасын тоқтатқанын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы америкалық Фрэнк Кэрролл карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Оның соңғы шәкірті Денис Тен болған еді, деп жазады Baq.kz.

«Менің жасым 80-нен асып барады және бұдан былай мәнерлеп сырғанаушылшар үшін жауапкершілік алғым келмейді. Алдағы уақытта Еуропа мен Азияға ұшақпен ұшып бармасам деймін. Өмірімде неше рет ұшақпен ұшқанымды сіздер тіпті елестете де алмайсыздар. Саяхаттайтын болсам, мұны тек өз игілігім үшін жасағым келеді. Ассоциация мен мәнерлеп сырғанаушы алдында жауапкершілікті сезінбеу үшін жарыстарға қатысқым келмейді. Спортшының күйзеліске түскенін көріп те қиналғым келмейді», - дейді Кэролл.

Маманның бұл салада жүргеніне 60 жыл толып отыр. 1997 жылы ол Олимпиаданың үздік тренері атанды. Кэроллдың шәкірттерінің арасында Олимпиада чемпионы Эван Лайсачек, бес мәрте әлем чемпионы Мишель Кван, Әлем чемпионатының жеңімпазы мен Олимпиада ойындарының үздігі Тимоти Гейбл бар. Кэролл, сондай-ақ, қазақстандық спортшы Денис Тен, америкалық Грейси Голд және Мираи Нагасу, италиялық Каролина Костнермен бірге жұмыс істеген еді.

Денис Тен Фрэнк Кэроллда 2010 жылдан бастап жаттығып келді. Естеріңізге сала кетсек, мәнерлеп сырғанаушы 19 шілде күні Алматы қаласында кісі қолынан қаза тапты. Шілде айында Денис Тен жаттығуын жалғастыру үшін АҚШ-қа кетуі керек еді.

3 тамыз күні Кэролл соңғы рет жаттықтырушы ретінде жұмыс істейді.