Депутат қаржыландыру бөлімінің басшысын киіміне бола залдан шығарып жіберді (видео)

0
1 214

Депутат мемлекеттік қызметкерді футболка кигені үшін сынға алды, ал ол жемпір екенін айтып ақталды


Депутат қаржыландыру бөлімінің басшысын киіміне бола залдан шығарып жіберді (видео)

ERNUR.KZ. Жогорку Кенеш вице-спикері Мирлан Бәкіров Бастауыш кәсіптік білім беру агенттігінің қызметкері Талантбек Тынысовты отырыстан қуып шықты. Оған себеп – шенеунік дресс-кодты бұзған: ол кастюмнің ішінен жейде емес, жемпір киіп келген, деп жазады

Депутат Алмаз Тоқтаров аталған агенттіктің өкілі кім екенін сұрады. Тынысов орнынан тұрып, қаржыландыру және бухгалтерлік есепке алу бөлімін басқаратынын айтты. Парламентарий неліктен футболкамен келгенін сұрады. Мемлекеттік қызметкер футболка емес, жемпір екенін және сырқаттанып қалған басшысының орнына келуге мәжбүр болғанын айтты. Біраз уақыттан кейін вице-спикер Бәкіров Тынысовтан орнынан тұруын өтінді.

"Жогорку Кенеште қандай киім киюге болатыны жазылған регламент бар. Бұл қалай болғаны? Жогорку Кенештің аппараты неге қарамайсыздар? Үкіметтің аппараты, үкіметтің өкілі… немене бұл жер базар ма?" — деп шағымданды депутат.