Диего Марадонамен қоштасу рәсімі жаппай тәртіпсіздікке ұласты

0
584

Ұсталған адамдар бар.


Диего Марадонамен қоштасу рәсімі жаппай тәртіпсіздікке ұласты

ERNUR.KZ. Буэнос-Айрестегі ұлы футболшы Диего Марадонамен қоштасу рәсіміне мыңдаған аргентиналықтар жиналды. Бірақ ол әсерлі естеліктердің орнына жаппай тәртіпсіздіктермен есте қалатын болды, деп жазады zakon.kz.

Infobae порталының хабарлауынша, белгісіз себептермен билік ұлы футболшымен қоштасу мүмкіндігін шектеу туралы шешім қабылдаған, әрине бұл жайт жанкүйерлердің ашу-ызасын тудырған. Осылайша қоштасу рәсімі жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Тәртіп сақшылары наразы адамдарға қарсы көзді ашытатын газ бен су атқылады, осыдан кейін ғана дүрбелең тоқтады.

Полиция жаппай тәртіпсіздік кезінде ерекше көзге түскен 9 адамды ұстағаны белгілі. Жаппай тәртіпсіздіктен бөлек вандализм, тонау, мемлекеттік қызметкерлерге қарсылық көрсету сынды құқық бұзушылықтар да орын алды.