Дипломды қажет етпейтін сұранысқа ие 10 мамандық аталды

0
776

Бұған дейін Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде 700 мыңнан астам адам жұмыссыз қалғанын хабарлаған болатын.


Дипломды қажет етпейтін сұранысқа ие 10 мамандық аталды

ERNUR.KZ. Іскерлік байланыстар орнату және іздеуге арналған LinkedIn әлеуметтік желісі жоғары білім туралы дипломды талап етпейтін ең сұранысқа ие он мамандықтың тізімін жасады, - деп жазады tengrinews.kz.

LinkedIn нұсқасы бойынша танымал мамандықтар тізімі:

  • Бағдарламалық жасақтама әзірлеушісі.
  • Сауда өкілі.
  • Жоба менеджері.
  • IT әкімшісі.
  • Клиенттерге қызмет көрсету маманы.
  • Цифрлы маркетолог.
  • Қолдау қызметінің қызметкері.
  • Деректерге анализ жасаушы.
  • Қаржыға анализ жасаушы.
  • Графикалық дизайнер.

LinkedIn жинаған статистикаға сәйкес, коронавирус әлемдік еңбек нарығына айтарлықтай әсер еткен. Дағдарыс бүкіл әлем бойынша көптеген кәсіпорынды жұмыс орындарын қысқартуға және жаңа қызметкер қабылдауды тоқтатуға мәжбүр етті.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде 700 мыңнан астам адам жұмыссыз қалғанын хабарлаған болатын.

Ал АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі 14,7 пайызға жетті. Содан кейін президент Дональд Трамп америкалықтарға көмектесу үшін жұмыс визасын беруді тоқтатты.