Дональд Трамп: АҚШ Ирандағы 52 нысанды атқылауға дайын

0
699

Ол нысандардың кейбіреуі Иран үшін, Иран мәдениеті үшін аса маңызды.


Дональд Трамп: АҚШ Ирандағы 52 нысанды атқылауға дайын

ERNUR.KZ. АҚШ Ирандағы 52 нысанды атқылауға дайын. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеген, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бұл ескерту болсын. Егер Иран америкалықтарды немесе америкалық нысандарды атқылайтын болса, біз де қазірден бастап Ирандағы 52 нысанды көздеп отырмыз (бұл нысандар Иранның көп жыл бұрын тұтқынға алған 52 америкалықты білдіреді). Ол нысандардың кейбіреуі Иран үшін, Иран мәдениеті үшін аса маңызды. Соққы осы нысаналарды және Иранды көздейді, бұл өте жылдам және өте күшті соққы болады. АҚШ қорқытып-үркітуге енді шыдамайды!», - деп жазды АҚШ президенті.

Еске сала кетейік, екі күн бұрын Бағдат халықаралық әуежайына жасалған ракета шабуылынан 8 адам көз жұмды. Ракеталар «Аль-Хашд аш-Шааби» шиит жасағына қарсы бағытталған болатын. Кейіннен бұл америкалық Пентагонның операциясы екені белгілі болды.

Айта кетейік, ракета шабуылынан қаза тапқандар арасында ирандық Ислам революциясы әскерлері корпусының арнайы мақсаттағы «Аль Кудс» қарулы күштерінің қолбасшысы Касем Сүлеймани де бар.

Осы жағдайдан кейін мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы қымбаттады.