«Дориан» дауылы Багам аралдарына жетті

0
1 194

Бұл 1980 жылы Атлант теңізінде болған «Аллена»-дан кейінгі екінші алапат дауыл.


«Дориан» дауылы Багам аралдарына жетті

ERNUR.KZ. «Дориан» дауылы Багам аралдарына жетіп, енді АҚШ-тың оңтүстік-шығысына қарай жақындап келеді. Табиғи апат бірінші болып Абако аралын зақымдаған, онда желдің екпіні сағатына 354 шақырымға жеткен, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл 1980 жылы Атлант теңізінде болған «Аллена»-дан кейінгі екінші алапат дауыл. Ал Багам аралдарының тұрғындары осындай сұрапыл дауылмен алғаш рет кездесіп отыр.

АҚШ билігі Флорида, Джорджия және Оңтүстік Каролина штаттарында төтенше жағдай режімін енгізді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Польшаға жоспарлаған сапарын кейінге қалдырды. Ол «Дорианның» күшін бағаламауға болмайтынын атап өтті. Себебі, ол елге айтарлықтай залал келтіруі мүмкін.