Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 3 миллионнан асты

0
753

208 131 адам көз жұмған.


Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 3 миллионнан асты

ERNUR.KZ. Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 3 миллионнан асты. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті келтірді, деп жазады Tengrinews.kz.

27 сәуір Нұр-Сұлтан уақытымен 22:31-дегі жағдай бойынша, дүние жүзінде 3 002 303 адам COVID-19 жұқтырған. Оның ішінде 878 813 адам вирустан айыққан, ал 208 131 адам көз жұмған.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 2 858 635 адамнан коронавирус табылған. Оның ішінде 196 295 адам қайтыс болған.

Қазақстанда COVID-19 2950 адамнан анықталды, 25 науқас көз жұмды.