Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны жеті миллионнан асты

0
536

402 120 науқас вирустан қайтыс болған.


Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны жеті миллионнан асты

ERNUR.KZ. Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны жеті миллионнан асты, 402 мың адам COVID-19-дан көз жұмған, деп жазады Тengrinews.kz.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, 8 маусымда дүние жүзінде 7 006 436 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 402 120 науқас вирустан қайтыс болған. Ал 3 133 664 адам аурудан жазылған.

Коронавирус ең қатты тараған ел - АҚШ, онда 1 940 468 адамнан COVID-19 табылған, 110 мыңнан аса науқас көз жұмған.