Дүниежүзілік банк Украинаға 1,5 миллиард доллар бөледі

0
804

Бұған дейін Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен Дүниежүзілік банк Украинаға 3 миллиард доллар көлемінде қаржылық қолдау пакетін әзірлейтінін хабарлаған болатын.


Дүниежүзілік банк Украинаға 1,5 миллиард доллар бөледі

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік банк Украинаға 1,5 миллиард долларлық қолдау пакетін дайындап жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Польшадағы Варшава Экономика мектебінде сөйлеген Дүниежүзілік банктің президенті Дэвид Малпасс банк Украинаға маңызды қызметтерді, соның ішінде ауруханалардағы жалақы, зейнетақы және әлеуметтік бағдарламаларды ұсынуға көмектесіп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, бір күн бұрын бұл 1 миллиард долларлық пакеттің бір бөлігін Дүниежүзілік банктің құрамына кіретін және мүше елдердің ерікті қайырымдылықтары арқылы кедей елдерге көмек көрсететін несие ұйымы Халықаралық даму қауымдастығы мақұлдаған.

Дүниежүзілік банк өкілі бұған қоса Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) Украинаға 472 миллион доллар несие кепілдігін беретінін айтты.

Украинаға қолдау көрсету жоспары алдағы апталарда банктің директорлар кеңесінде қаралады.

Бұған дейін Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен Дүниежүзілік банк Украинаға 3 миллиард доллар көлемінде қаржылық қолдау пакетін әзірлейтінін хабарлаған болатын.