Джастин Бибер Голливуд жұлдызын жекпе-жекке шақырды

0
1 052

Әнші голливуд жұлдызы Том Крузды жекпе-жекке шақырды.


Джастин Бибер Голливуд жұлдызын жекпе-жекке шақырды

ERNUR.KZ. Әнші Джастин Бибер голливуд жұлдызы Том Крузды жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы ол 10 маусымда Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп жазады Тengrinews.kz. Бибер Крузды октагонға шақырды.

"Том, егер сен менің ұсынысымды қабыл алмасаң - онда қорыққаныңды дәлелдейсің және бұдан ешуақытта құтыла алмайсың", - деп жазды әнші.

Әнші UFC президенті Дана Уайтқа осы жекпе-жекті ұйымдастыруды ұсынды. Алайда Бибердің жазбасына ирландиялық файтер Конор МакГрегор назар аударып, осы жекпе-жекті ұйымдастыруға қуана келісетінін жеткізді.

"Егер Том Круз нағыз ер болса, онда осы ұсынысты қабылдауы тиіс. McGregor Sports and Entertainment барлығын ұйымдастырады. Круз фильмде төбелескендей шынайы өмірде істей ала ма?", - деп жазды МакГрегор.

Келесі жазбасында ол актер Марк Уолбергті жекпе-жекке шақырды.