Джефф Безос ғарышқа ұшқаннан кейін сынға ұшырады

0
615

Ғарыш кемесі Жерге сәтті қонғаннан кейінгі Безос жасаған мәлімдеме көпшіліктің наразылығын тудырды.


Джефф Безос ғарышқа ұшқаннан кейін сынға ұшырады

ERNUR.KZ. Әлемегі ең бай адам, Amazon және Blue Origin компаниясының басшысы Джефф Безос ғарышқа ұшқаннан кейін Twitter-де сынға ұшырады, деп жазады Tengrinews.kz.

Ғарыш кемесі Жерге сәтті қонғаннан кейінгі Безос жасаған мәлімдеме көпшіліктің наразылығын тудырды. Байлығы 205 миллиард долларға бағаланған Планетаның ең бай адамы өз сөзінде Amazon компаниясының барлық қызметкері мен тұтынушысына ұшу сапарын төлегені үшін алғыс айтты.

Twitter қолданушылары бұған жауап ретінде "қызметкерлерінің жалақысын көтеріп, оларға адам сияқты қараса", алғысы сол болар еді деп пікір қалдырған.

Кейбір Желі қолданушылары Amazon қоймаларының қызметкерлері жұмыс кезінде тіпті әжетханаға барудан қорқатынын жазған.

Айта кетейік, Blue Origin иесі, әлемдегі ең бай адам Джефф Безос 20 шілдеде New Shepard кемесімен ғарышқа ұшты. Ұшу уақыты 10 минут 28 секундқа созылды. Экипаждың капсуласы 107 шақырым биіктікке жетіп, ғарыштың шекарасы саналатын Карман сызығынан өтіп, кейін Жерге аман-есен оралды.