Дженнифер Энистонның "Достарымен" түскен селфиі Instagram-ды істен шығарды

0
947

​Америка кино жұлдызы Дженнифер Энистонның өнеріне тәнті қауым оның Instagram әлеуметтік желісіндегі алғашқы селфиіне мыңдаған пікір қалдырды.


Дженнифер Энистонның

ERNUR.KZ. Танымал актриса Дженнифер Энистонның фотосы Instagram қолданушыларының ерекше қызығушылығын туғызды. Оның парақшасындағы селфи әлеуметтік желі платформасын біраз уақытқа істен шығарды, деп жазады sputniknews.kz.

Аңызға айналған сериалдағы Рэйчелдің рөлінен кейін танымал болған актриса Дженнифер Энистон Instagram-да алғаш рет фото жариялады.


Онда оны жылдар бойы "Достарға" бірге түскен әріптестері қоршап тұр.
"Енді біз де "Достармыз", бірақ Instagram-да. Сәлем", - деп жазды ол.
The Guardian басылымы хабарлағандай, Энистонның әлеуметтік желіде парақша ашқаны туралы жаңалық қолданушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, Instagram платформасы біраз уақытқа істемей қалды.
Бір сағаттың ішінде Энистонның парақшасына 116 мыңнан астам адам жазылып, оның алғашқы жазбасы істен шыққанған дейін жүздеген мың лайк жинады.
Қазіргі таңда "Достармен" селфиге сегіз миллионға тарта лайк басылып, кино жұлдыздың парақшасына 6,2 миллион қолданушы жазылды.

"Достар" 90-жылдары ең танымал сериалдардың бірі болды. 1994 жылдан 2004 жылға дейін сериалдың 10 маусымы түсірілді.