Джо Байден мен Си Цзиньпин келіссөз жүргізеді

0
515

Джо Байденнің Си Цзиньпинмен жоспарланған кездесуі Индонезияның Бали аралында 2022 жылдың 14 қарашасында G20 саммиті аясында өтеді.


Джо Байден мен Си Цзиньпин келіссөз жүргізеді

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Джо Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездеседі, деп жазады tengrinews.kz.

Джо Байденнің Си Цзиньпинмен жоспарланған кездесуі Индонезияның Бали аралында 2022 жылдың 14 қарашасында G20 саммиті аясында өтеді, делінген Ақ үй мәлімдемесінде.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьердің айуынша, Байден мен Си АҚШ-Қытай байланысын сақтау және тереңдету, бәсекелестікті жауапкершілікпен басқару және олардың мүдделері тоғысқан жерде, әсіресе халықаралық қауымдастыққа әсер ететін трансұлттық сын-қатерлерде бірлесіп жұмыс істеу күш-жігерін талқылайды.

Екі ел басшылары бірқатар өңірлік және жаһандық мәселелерді де талқылайды.