Джо Байденнен коронавирус анықталды

0
485

Ол енді өз-өзін оқшаулап, қашықтықтан жұмыс істейтін болады.


Джо Байденнен коронавирус анықталды

ERNUR.KZ. АҚШ Президенті Джо Байденнен коронавирус инфекциясы анықталды, деп жазады zakon.kz.

АҚШ Президенті Джо Байден тапсырған тест нәтижесі коронавирусты растады, деп хабарлады Ақ үй 21 шілдеде.

Ақ үйдің хабарлауынша, АҚШ Президентінде COVID-тың "өте жеңіл" белгілері бар, денсаулық жағдайы тұрақты.

Ол енді өз-өзін оқшаулап, қашықтықтан жұмыс істейтін болады.